• Басты
  • Жаңалықтар
  • Депутат Р. Шаекин меморган жетекшілерінің жұмысына мониторинг енгізуді ұсынды

Депутат Р. Шаекин меморган жетекшілерінің жұмысына мониторинг енгізуді ұсынды

15 Қараша, 2013 16:51
ҚР Парламент Мәжілісі аграрлық сұрақтар бойынша комитетінің мүшесі Рауан Шаекин Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында меморган қызметкерлерінің жұмысына мониторинг енгізуді ұсынды.

« Бюджеттік қаржының игерілмеу проблемасы жыл сайын Парламент пен Үкіметте талқыланатын «жауыр» болған тақырыпқа айналды. Қазақстан Халықына Жолдау кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бюджеттің барлық бабы бойынша қатаң үнемдеу болу керек деп айтқан болатын. Сонымен қатар, бюджеттік қаржыны қолдану бойынша мониторингті күн сайын жүргізуді енгізу керек», - деді Р. Шаекин.

Депутаттың айтуы бойынша, қаржылық тәртіпті бұзғандарға қатаң жаза қолдану керек.

« Баяндамлар бойынша бюджеттік тәртіп көтерілмеген. Бюджеттік кодекске назар аударсақ, біз бүгінгі таңда бюджеттік қаржыны қолданған кезде тиімділікті барынша қолдану бойынша әкімшілік қозғау күш баршылық», - деді депутат.

«Парламент Конституцияға сәйкес лауазымның сәйкестігін көрсетуді енгізе алар еді. Бұл пішін жұмыс істемей отыр, біз бір министрді шақыртып алып қортынды есепті талап ете алмаймыз. Себебі, оның қызметінің жартысы қоғаммен байланыста емес. Аталмыш жағдайда нәтижелілік бірінші орынға шығады, біз Мемлекет басшысының назарына аталмыш сұрақтарды қояр едік және қоғам да қай министр қандай жұмыс жасап жатқандығын білер еді», - деп түйіндеді депутат. 

Барлық жаңалықтар