ҚР Президенті шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті

2 Наурыз, 2016 11:47
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерімен кездесті.

«Біздің кездесуіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында өтуде. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ мүше болды. Осы аз уақыттың ішінде еліміз әлемдік сенімділікке қол жеткізді. Мемлекеттілік пен заманауи нарықтық жағдайды нығайтуда ауқымды жұмыс атқарылды», - деді Елбасы.

Президент атап өткендей, тәуелсіздік жылдары өңдеу өнеркәсібінде 28 жаңа сектор пайда болды, 900 индустриалды  бағдарлама жүзеге асырылды.

«21 ғасыр экономикалық, экологиялық, геосаяси, ресурстық, энергетикалық мінездегі салаға бірқатар сынақтар әкелді. Жаһандық бәсекелестіктің парадигмасын қайта түсіну қажет. БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында  мен Жаһандық стратегиялық бастама-2045 жоспарын ұсындым. Оны кезеңмен жүзеге асырып, БҰҰ 100 жылдық мерейтойына арнау көзделуде», - деді Н.Назарбаев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар