- Басты
- Жаңалықтар
- Ғ.Телебаев: Елдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың бірлігі мен біртұтастығын нығайту қажет
Ғ.Телебаев: Елдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың бірлігі мен біртұтастығын нығайту қажет
«ҚР Президентінің «100 қадамында» төртінші бөлімнің барлығын түгелдей сәйкестік мәселесіне арнағандығы өте маңызды. Өйткені, сәйкестік Қазақстан үшін де өзге елдер үшін де өте маңызды. Қазақстан үшін маңызды болатын себебі ел халқының 90 пайыздан астамы өз тағдырын Қазақстанмен байланыстырады. Олар өздерін осы елдің азаматы санайды. Олар өздерінің тағдырларын осы мемлекетпен байланыстырып отыр»,-деді Ғ.Телебаев.
Оның сөзінше, елдің дамуы мен тұрақтылығы үшін осы сәйкестікті дамыту керек.
«Бұл бір рет берілді және болашақта ылғи да осылай бола береді деген сөз емес. Өмірге жаңа толқын келіп жатыр және біз түрлі, қауіптермен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл туралы Президент те талмай айтып келе жатыр, бұл сыртқы және ішкі қатерлер. Сол себепті сәйкестікті ұдайы жетілдіріп отыру керек»,-деді ол.
«Біз тәуелсіздігіміздің 20 жылдан астам уақытынан бері ел азаматтарының басым бөлігі өз тағдырын Қазақстанмен байланыстырады деп айтып жүрміз. Енді біз өзіміздің сәйкестігіміздің бұрынғыдан да тереңдетуіміз керек. Барлығы өздерін Қазақстан азаматы, бір елдің тұрғыны, бауырлар сияқты сезінулері керек»,-деді Ғ.Телебаев.
Қоғамдық ұйым өкілінің сөзінше, ортақ тарих пен мәдениет сияқты базалық құндылықтары негізінде сәйкестік пен Қазақстан халқының бірлігі дамиды.
Анар Тәңірқұлова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай