ҚР-да жылына 1 млн теледидар шығарылатын LG зауыты салынады

15 Қараша, 2013 16:30
«Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономкалық аймағында LG-дің жаңа зауытын ашуды жоспарлап отыр. Онда жылына 1 млн теледидар шығарылмақ, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.

«LG Electronics 300 мың теледидар мен 100 мың кір жуу машинасын шағарады. Жаңа зауыт «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономкалық аймағында салынбақ. Жылына 1 млн теледидарға дейін шығаруды жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді Сенаттағы парламенттік тыңдалымда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 1998 жылы Алматы қаласында ашылған LG  зауыты жұмыс істеп тұр.

Барлық жаңалықтар