- Басты
- Жаңалықтар
- Р.Құрманов:Кооперативтер туралы заңдағы өзгерiстер фермерлерге табыс табуға мүмкiндiк бередi
Р.Құрманов:Кооперативтер туралы заңдағы өзгерiстер фермерлерге табыс табуға мүмкiндiк бередi
«30 қарашада Елбасы өз Жолдауында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша жұмыстарды фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге түсiндiру жұмысын белсендi жүргiзу қажеттiлiгiн айтқан болатын. «Ауыл шаруашылығы кооперативтерi туралы» заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енеді. Бұл заң ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге не бередi дегенге келсек, онда бұған дейiн кооперациялау мәселесi тым қатты регламенттелетін, яғни, кооперация мәселесiн 5 заң реттейтiн. Ал қазiр түсiнiктi әрi кооперациялаудың барлық мәселесiн қамтыған бiр ғана заң бар", - деді ол.
"Бұл заңдағы өзгерiстер кооперативтердiң табыс табуына мүмкiндiк бередi. Бұған дейiн кооперативтердiң басты мақсаты – өздерiнiң тұтынушылық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болатын. Бұл табысты кооператив мүшелерi арасында бөлуге немесе кооперативтi дамытуға жұмсауға болады. Сондай-ақ, кооперативтерге тек шаруа қожалықтары ғана емес, заңды тұлғалар да кiре алады», - дейдi ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкiлi.
Сонымен қатар, Р.Құрманов бұған дейiн, кооперативке кiрген шаруа қожалықтары бiрыңғай жер салығынан босатылып, арнайы белгiленген тәртiп бойынша салық төлеп келгенін айтты. Ендiгi жылдан бастап жаңадан құрылатын кооперативтердегі бұл салықтық жеңiлдiк заңды тұлғалар үшiн де қатысты болады.
«Сондай-ақ, кооператив қызметiнiң түрлерi де кеңейтiлдi. Кооператив өз Жарғысына сәйкес қандай қызмет түрiмен айналысатынын шешеді. Жаңа заңға сәйкес, кооперативтiң әрбiр мүшесiнде бiр дауыстан болады, яғни, коопеаратив мүшесiнiң дауысы оның жарғылық капиталдағы салымына қатысты болмайды», - дейдi ол.
Анар Тәңірқұлова
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы