Маңғыстау облысында жаңадан еріктілер клубы ашылды

2 Наурыз, 2016 10:52
Маңғыстау облысында жаңадан еріктілер клубы ашылды, деп хабарлайды әкімдік.

«Еріктілер» деп аталатын жаңа клубтың ашылуына Маңғыстау облыстық жастар орталығы мұрындық болған. Жаңа ұйым аймақ жастарының бастарын біріктіріп, қоғамға көмек көрсету керек болған жағдайда өз еріктерімен атсалысуларына ықпал ететін болады. Сонымен қатар, клубта жастардың шығармашылықтарын дамытуға да мүмкіндік бар.

«Біз «Еріктілер» клубымен тығыз байланыста жұмыс істейтін боламыз. Біздің еріктілер үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, жастарға жан-жақты қолдау көрсетеміз. Бұл жерде ұлттық аспаптарда ойнауға, шығармашылықтарын дамытуға, шешендік өнерін меңгеруге болады. Сонымен қатар, би мен спортқа баулимыз. Сондай-ақ, жастарды арнайы оқу курстарына да жіберуге мүмкіндіктер қарастырылған»,-дейді Маңғыстау облыстақы жастар орталығының қызметкері Меруерт Қонақбаева.

Барлық жаңалықтар