С.Мәжитов: Алдағы болатын сайлау - уақыт пен заман талабы

2 Наурыз, 2016 10:02
Бүгінгі күні алдағы болатын сайлау уақыт пен заман талабы екені бәріне белгілі, деп «Интеллект Орда» Әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулердің интеграциялауы бойынша халықаралық институттығ бас директоры Саттар Мәжитов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Тарихи жағдайлар қазіргі қатысу процесінің өміршең саяси күші арқылы саяси белсенділіктің жаңа күшейуіне мүмкіндік жасайды және азаматтық қоғамның азамат мүшелері еліміздің заңнамалық органдарына сайлаушы болуға құқылы. Сайлаудың тарихи алғышарттары әр түрлі және нақты мазмұнмен толыққан. Бұрынғы Мәжіліс депутаттарының құрамы жаһандық қаржылық-экономикалық кезеңінде аз уақыт ішінде бес институционалды реформа бойынша заңнамалық және құқықтық негіздің бірталай жұмыстар ретін атқарды»,-деді профессор.

Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні алдағы болатын сайлау уақыт пен заман талабы екені бәріне белгілі.

«Саяси қуыстар бос болмауы тиіс. Ол үшін күресу керек. Парламенттің жаңартылуына әрбіреуіміздің берген дауысымыз маңызды,-деді ол. »

Естерінізге сала кетейік, 13 қаңтарда ҚР Парламент Мәжілісі  5 шақырылым депутататтарын таратып Парламент пен барлық деңгейлі мәслихатында мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасын айтты.  Мемлекет басшысының 20 қаңтарда қол қойған жарлығына байланысты ӨР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат сайлауы 2016 жылдың 20 наурыына бекітілді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар