- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Хван: Алғыс айту күні әр ұлт үшін маңызды мереке
Е.Хван: Алғыс айту күні әр ұлт үшін маңызды мереке
Мен үшін және менің отбасым үшін Елбасымыздың бастамасымен бірінші рет аталып өтіп жатқан «Алғыс айту» күні өте маңызды мереке. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Корей этномәдени орталығының мүшесі Евгени Хван strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
«Мен жер ауып келген халықтарды құшақ жая қарсы алған қазақтардың ортасында өмір сүріп жатқан кәріс ұлтының үшінші ұрпағымын. Біздің аталарымыз түрлі саяси жағдайлармен қазақ жеріне ауып келді. Басына іс түскен біздің бабаларымызды жатсынбай, тұратын жер мен ас-тұздарын ұсынған қазақ халқына әрқашан алғыс айта білуіміз керек, деп ойлаймын. Елбасымыздың Қазақстада тұрып жатқан барлық халықтарды бір шаңырақтың астына шоғырландырып, бірлік пен тұрақтылықты ту етіп отырғаны үшін Ұлт көшбасшысына да алғысымызды білдіреміз. Қаншама қазақ достарымыз бар. Олармен әрқашан тату-тәтті араласып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып келеміз. Тарихи отанымыз сыртта болғанымен, негізгі отанымыз Қазақстан деп білеміз. Қазақстан біздің ұрпақтарымыз туып өскен және тәрбиеленіп жатқан жер ғана емес, бұл біздің болашағымыз. Біз Қазақстанды өте жақсы көреміз және құрметтейміз. Мен үшін және менің отбасым үшін Елбасымыздың бастамасымен бірінші рет аталып өтіп жатқан «Алғыс айту» күні өте маңызды мереке. Мен барлық қазақ жұртына ризашылығымды, алғысымды білдіремін!»,-деді Евгени Хван.
Қанат Тұрар
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады