- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ІІМ-нің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті
Астанада ІІМ-нің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті
Отырысқа байқау нәтижелері бойынша сайланған Кеңес мүшелері, атап айтқанда, көрнекті қоғам қайраткерлері, ғылыми және құқықтық ортаның, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің төрағасы болып ғылыми-құқықтық ортаның көрнекті өкілі Қоғамов Марат Шекішұлы сайланды. М.Қоғамов бүгінде Қазақ гуманитарлық заң университетінің қылмыстық-процестік зерттеулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ҒЗИ директоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор.
Қоғамдық кеңес отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Елбасының тиімді қоғамдық кеңесті құру және билік қызметіндегі теріс әрекеттерге қарсы тұруда оның рөлін арттыру туралы баса айтқанын атап өтті.
Бұл туралы «Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру туралы 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында нақты тапсырмалар берілген, онда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы қызметінің жаңа форматы белгіленді.
Отырыстың нәтижесі бойынша заң шығарушылық қызмет мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы шешім қабылданды, аталған комиссия азаматтардың құқықтары, бостандықтары мег міндеттеріне қатысты министрлік әзірлейтін нормативті құқықтық актілердің жобаларын қарастыратын болады, сондай-ақ ІІМ-де қаралатын азаматтардың өтініштерін, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін мәселелер қараумен айналысатын комиссия құрылады.
Сонымен қатар Кеңестің президиумы және ІІМ Қоғамдық кеңесі туралы ереженің жобасы бекітілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау