- Басты
- Жаңалықтар
- Х. Ватсиев: Алғыс күні ұрпақтар жалғастыратын дәстүр болмақ
Х. Ватсиев: Алғыс күні ұрпақтар жалғастыратын дәстүр болмақ
Елбасымыз осы күнді Алғыс күні деп атасақ қалай болады, дегенде бәріміз ду қол шапалақ соғып, қолдап әкеткен болатынбыз. Міне бүгін бірінші мәрте атап өтіп жатырмыз. Бұл Қазақстандағы барлық этнос өкілдерін ұйыстыратын мереке. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шешен-ингуш Этномәдени орталығының төрағасы Хасан Ватсиев strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
«Ұлтымыз шешен. 1944 жылы Қазақстанға департацияланған халықтардың ішінде біздің де отбасымыз болған. Сол 1944 жылдан бері осы жерде тұрып жатырмыз. Соғыстың жүріп жатқан уақыты. Саяси жағдайларға байланысты халықтарды жер аударғаны белгілі. Соған өзіміз куә болғандардың біріміз. Алғаш қазақ жеріне келгендегі жағдайларды әкелеріміздің аузынан естіп өстік. Әкеміз сол кезде қазақтардың қолындағы барымен, қамқорлықтары мен жылулықтарын аямағанын айтып отырады. Ол уақытта қазақтардың ауыр кезеңді бастан кешіп жатқаны белгілі. Өйткені барлық жұмыс, дүние соғысқа күш ретінде жіберіліп жатты. Сол кезде департациямен келген шешен ұлтының өкілі депутаттықа дейін көтерілді. Одан артық не керек енді. Бұның өзін Тәуелсіз еліміздің арқасында болып жатқан үлкен жетістіктердің бірі деп білеміз. Өзіміз де әрдайым еліміздің дамуына септігімізді тигізсек деп тырысамыз», - деді ол.
Ол атап өткендей, «біз бұрын жыл сайын 10-шы мамырда біздің ұрпақтарымыз білсін деп, барлық этнос өкілдерін жинап іс-шаралар ұйымдастыратын едік. Сондағы жиналған ақсақалдар қазақ жеріне алғаш келгендегі жағдайларды айтып отыратын. Қазақ халқының жасаған қамқорлығын бірінші кезекте еске алатын аталарымыз. Қандай қиыншылықты бастан кешкендерін айтқанда, қазақ жеріне келіп жандарын аман сақтап қалғандарын айтқанда көздеріне жас алушы еді әкелеріміз».
«Елбасымыз осы күнді Алғыс күні деп атасақ қалай болады, дегенде бәріміз ду қол шапалақ соғып, қолдап әкеткен болатынбыз. Міне бүгін бірінші мәрте атап өтіп жатырмыз. Әрине, бұл күн осы елде тұрып жатқан этностардың бірлігін жаңа деңгейге көтеру деп есептеймін. Бүгінгі таңда шете елдерде неше түрлі ұлтаралық жанжалдар болып жатыр. Одндайдан Алла сақтасын. Бір ел, бір тағдыр деп өмір сүріп жатқан біздің елде тұрақтылық пен ұлтаралық қатынас жақсы жағдайда дамып келеді. Мына атап өтіп жатқан мерекеміз де сол құндылықтың құнын одан әрі арттыруға септігі мол болатын мереке деп есептеймін. Мереке құтты болсын!»,- деді Шешен-ингуш Этномәдени орталығының төрағасы Хасан Ватсиев.
Қанат Тұрар
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр