- Басты
- Жаңалықтар
- «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңымен кәсіпкерлік және кәсіби қызметті реттеудің институты енгізілді
«Өзін-өзі реттеу туралы» Заңымен кәсіпкерлік және кәсіби қызметті реттеудің институты енгізілді
Заңмен кәсіпкерлік және кәсіби қызметті реттеудің жаңа институты енгізіледі, ол осы қызмет түрлерінің субъектілеріне өздігінен саланы реттеуге тікелей қатысу арқылы нарықта ойын ережелері мен шарттарын өздігіген анықтауға мүмкіндік береді.
Заң мемлекеттік реттеудің жағымсыз аспектілерін жоюға, отандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ нарық қатысушыларының тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейтуге жағдай туғызады. Төменде көрсетілген белгілермен өзін-өзі реттейтін ұйымдар деп аталатын кәсіпкерлердің өзіне тән бірлестігін және олардың заңды тұлғаларын құру мүмкіндігі көзделген: бекітілген салалық, ішкі ережелер мен стандарттар;өз мүшелерінің қызметін бақылау; ортақ мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету.
Заңға сәйкес, өзін-өзі реттеу – өзінің қызметін жеке және заңды тұлғалармен дербес реттеуіне бағытталған шаралар кешені. Сонымен қатар, өзін-өзі реттеу - кәсіпкерлер одағы үшін өкілеттіліктер жиынтығы ғана емес, сондай-ақ тұтынушыға бизнеспен ұсынылатын сапа кепілдігі. Заңмен өзін-өзі реттеу ерікті немесе міндетті болу мүмкіндігі анықталады.
Ерікті өзін-өзі реттеу кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет салаларындағы мемлекеттік реттеумен қатар өзін-өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардан жоғары талаптар белгілене отырып қолданылады. Ерікті өзін өзі реттеу бұл нарықтағы бәсекелестік ортаның даму құралы. Ерікті өзін өзі реттеудің негізгі қағидасы – бірігу еркіндігі және саланың отрақтығы.
Кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтегі міндетті өзін өзі реттеуі мемлекеттік функцияларды іске асырумен не мемлекеттік органдар орындайтын белгілі бір функцияларды беру қажеттілігімен ұштасатын қызмет салаларында енгізіледі. Міндетті өзін өзі реттеудің негізгі қағидасы - тиімділік, қайталауды болғызбау (мемлекеттік органдар мен өзін-өзі реттейтін ұйымдар құзыретінің аражігін ажырату).
Аудиторлар, бағалаушылар, нотариустар сияқты қолданыстағы бірлестіктер мысалында өзін-өзі реттеудің әртүрлілігіне көз жеткізуге болады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін бастау, сол сияқты тоқтату үшін негіз бұл туралы реттеуші мемлекеттік органға жіберілген хабарлама болып табылады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы