- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында Алғыс айту күні театрландырылған қойылым арқылы атап өтілді (ФОТО)
Жамбыл облысында Алғыс айту күні театрландырылған қойылым арқылы атап өтілді (ФОТО)
Іс-шара «Мен алғыс айтамын!» жастар флеш-мобымен басталып, «Тәуелсіз еліме рахмет» деген ұранмен аспанға шарлар ұшырылды.
Театрландырылған көрініс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қазақ жеріне қалай қоныс тепкендерін, оларды қазақ елінің қалай қонақжай қарсы алғанын, бүгінде Қазақстан олардың Отаны болып кеткенін айтып, алғыстарын білдірді.
Соның бірі неміс диаспорасының өкілі Альбина Веймер өз сөзінде қазақ жұртының қонақжайлылығына, жомарттығына, мейірімділігі мен бауырмалдығына шексіз алғысын білдірді. «Рахмет менің қазақтарыма, біз бұл жерде екінші үйімізді таптық, Қазақстан - біздің екінші Отанымыз! – деп ыстық ықыласын білдірді.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар қай кезде, кімнің өздеріне қолұшын созғанын айтып, өздерін оптимист болуға шақырып, өмірдің мәнін түсінуге көмектескендер туралы ойларымен бөлісті.
Қала тұрғындары өз алғыстарын арнайы дайындалған «Алғыс кітабына» жазды. Алаңда орнатылған үлкен Алғыс ағашына адамдар қағазға өз алғыстарын жазып, қалдырды.
«Ата-анам – алтын тұғырым», «Әкем мен анама мың алғыс» көрме-байқауы, «Отбасы – қоғам тірегі» қойылымы ұйымдастырылды.
«Алғыс айту күніне» арналған іс-шараның қатысушылары – мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының білімгерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Аталған мереке Қазақстанда алғаш рет тойлануда. 1995 жылдың 1 наурызында ҚХА құрылған болатын. 2015 жылы ҚХА 20 жылдығын атап өту қарсаңында Елбасы осы күнді «Алғыс айту күні» деп жариялауды ұсынды.
Бүгін барлық этнос өкілдері қазақтарға және бір-біріне жер аудару жылдарындағы төзімділік пен қонақжайлылық үшін алғыстарын білдіре алады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда