- Басты
- Жаңалықтар
- Митрополит Александр Мемлекет басшысына осындай мерекенің белгіленгені үшін алғыс айтты
Митрополит Александр Мемлекет басшысына осындай мерекенің белгіленгені үшін алғыс айтты
Мемлекет басшысы кездесу барысында митрополит Александр арқылы Қазақстанның барша православтарын Алғыс айту күнімен құттықтады.
Қазақстан Президенті бұл мейрам елде салтанат құрған тұрақтылық, бірлік және келісімнің символы ретінде шынайы халықтық мереке болып саналатынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев бір-біріне деген ренішін кешіру, алғыс айту, құрмет көрсету және ынтымақ таныту Алғыс айту күнінің маңызды дәстүрлері екеніне назар аударды.
Митрополит Александр Мемлекет басшысына осындай мерекенің белгіленгені үшін алғыс айтты.
«Бүгін барша Қазақстан халқы атап өтіп жатқан осы тамаша мерекемен Сізді құттықтауға рұқсат етіңіз. Егер былтырғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының және Конституцияның 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, сияқты елеулі оқиғалармен атап өтілсе, 2016 жыл – біздің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Сондықтан биыл Алғыс айту күнін тағайындау – өте дана шешім. Бұл күн татулық пен тұрақтылық үшін барлық этностардың бір-біріне және ең алдымен қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарын осы қасиетті жерде паналатқан, оларға қолдау көрсеткен қазақ халқына айтар алғысты білдіреді. Бұл – біздің халқымыз үшін қажет әрі маңызды мереке», – деді митрополит Александр.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары