- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында қуаттылығы 5000 тонна болатын құс фабрикасы салынуда
Ақтөбе облысында қуаттылығы 5000 тонна болатын құс фабрикасы салынуда
Әкімнің айтуына қарағанда, Қарғалы ауданында 2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімі индексі 103%-ды құраған. Ет өнімі өндірісі 7,5 мың тоннаға артты.
2016 жылы ірі жоба - бройлер етін өндіретін құс фабрикасын іске қосу нәтижесінде ет өндірісі көлемі артады деп күтілуде. «АПК «Запад» ЖШС жүзеге асыратын жобаның құны 3,5 миллиард теңге. Оның ауқымды бөлігін, шамамен 2,5 млрд. теңгесін «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамы бөледі, тағы бір 1 миллиард теңгесі жекенің қаражаты.
«Құс фабрикасы өнімді 2016 жылы нарыққа шығарады. Келесі жылдан бастап қуаттылығы жылына 5 мың тонна өнім болады деп жоспарланған. Жаңа құс фабрикасы 100 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Бройлер еті тек ішкі нарыққа емес, көршілес Ресейге де шығарылады», - деп атап өтті Рахат Сыдықов.
Сонымен бірге, 2016 жылы Қарғалы ауданында 100 бас ірі қара малға есептелген сүт-тауарлы фермасы іске қосылады. Онда жаңа 20 жұмыс орны ашылады. Өз кезегінде, ферманың меншік иелері мал басы санын арттыру мақсатында шетел қаражатын тартуды көздеп отыр.
Сонымен қатар, биыл ірі инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастайды. Қытайдың «Хуасинь цемент» корпорациясы цемент зауытының құрылысына 150 миллион доллар инвестиция салады. Кәсіпорында 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Жалпы, 2015 жылы 380 жаңа жұмыс орны ашылды, 700 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. «Еңбекпен қамту жол картасы - 2020» аясында 50-ден астам адам өз шаруаларын бастау немесе бизнестерін дамыту үшін несиелер алды. Қосестек ауылында жеміс-жидек бау-бақшасын өсіру жөнінде пилоттық жоба жүзеге асырады. Өткен жылы 3,5 гектар алқапқа жеміс-жидек ағаштары мен таңқурай отырғызылды.
Болашақта 10 гектар алқапқа алма, алмұрт ағаштары мен құлпынай, таңқурай, сонымен бірге өзге де жеміс-жидек түрлері отырғызылады деп күтілуде.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды