- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі және «Теңізшевройл» ЖШС ТШО болашақ кеңейту жобасы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды
ҚР Үкіметі және «Теңізшевройл» ЖШС ТШО болашақ кеңейту жобасы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды
Кездесу барысында Қазақстанның «Теңізшевройл» компаниясымен ынтымақтастығы перспективалары талқыланды, сондай-ақ ТШО болашақ кеңейту жобасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
«Бүгін біз өзара түсіністік туралы маңызды Меморандумға қол қоямыз, ол Теңіз кен орнын дамытуға өте жақсы импульс береді», - деді С.Ахметов.
Үкімет басшысының пікірінше, Болашақ кеңейту жобасы жаңа жұмыс орындарын құруға, Қазақстанда индустрияны, өнеркәсіпті және машина жасауды дамытуға мүмкіндік береді. «ҚР Үкіметі ТШО-мен тығыз ынтымақтастыққа дайын», - деп толықтырды Премьер-Министр.
Өз тарапынан, Б.Мидлтон Меморандумның маңыздылығын атап өтіп, «оны жүзеге асыруға дайындығын» айтты.
ҚР Үкіметі мен «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы, ҚР-да инвестицияларға, оқытуға және дайындауға, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Болашақ кеңейту жобасын және Саға қысымын басқару жобасын жүзеге асыру арқылы ынтымақтастық туралы Меморандумға ҚР мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалин және ТШО бас директорының м.а. Б.Мидлтон қол қойды.
«Теңізде өндірістік қуаттылық арттырылып, мұнай шығару жылына 26 млн. тоннадан 38 млн. тоннаға дейін өседі деп болжап отырмыз. Бұл Қазақстан Республикасы мен серіктестер үшін сәйкес экономикалық пайдамен айтарлықтай өсу болып табылады», - деді Ұ.Қарабалин брифинг барысында.
Оның айтуынша, Меморандум сондай-ақ қазақстандық мазмұнды айтарлықтай арттыру бойынша өзара келісімді қарастырады.
«Аталған нысанды салу кезеңінде қосымша 20 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Металл құрылымдарын әзірлеу бойынша отандық кәсіпорындар үшін тапсырыстарды арттыруға баса көңіл бөлінген», - деп түсіндірді ол.
Бұдан өзге, Атырауда салынып жатқан мұнай-химия кешенін шикізаттың қажетті мөлшерімен қолайлы бағамен қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 550 мың тонна пропан, 380 мың тонна бутан жайлы сөз қозғалуда.
Министрдің мәліметінше, ТШО болашақ кеңейту жобасы эскиздік жобалау сатысында, оны бекіту 2014 жылдың басына жоспарланған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді