- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Біз еліміздің көп жылдық тарихынан үлгі алуымыз керек
Н.Назарбаев: Біз еліміздің көп жылдық тарихынан үлгі алуымыз керек
«1 наурыз біздің елімізде көктемнің алғашқы күні ғана емес, бұл күн - Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні. Бұл күн - "Нұр Отан" партиясының негізі қаланған күн және менің арнайы Жарлығыммен Алғыс айту күні. Бұл күні тағдыр талайымен біздің жерімізге қиын-қыстау кезеңде депортацияланған өзге ұлттардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан халқының негізін құраушы ұлттарға алғыс айту күні. Яғни, өзге ұлт пен ұлыс өкілдері қазақтарға разылығын білдіріп жатса, біздер ұлан-байтақ даламызды мұраға қалдырғаны үшін ата-бабаларымызға алғысымызды айтуымыз керек" деді Елбасы.
Н.Назарбаев айтып өткендей, сол кездегі қиындықтарға қарамастан қолдау мен қамқорлық көрсеткені үшін олар қазақ ұлтына алғыс айтады.
«Қазақ халқына алғысын білдіріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне бізде алғысымызды айтамыз. Осындай ұланғайыр жерді, осындай елді бізге мирас қылып тапсырған, қан төгіп жерді алып қалған ата-бабаларымызға да бүгін алғысымызды айтамыз», - деді Н.Назарбаев.
«Бүгінде біз тарихтан біздің еліміздің үлесін білуіміз керек. 20 ғасыр бойы Қазақстан этникалық халық ретінде қалыптасты, ол Столыпин реформасы мен шаруалық көші-қон аясында жүзеге асырылды. 1908-1910 жылдары 1 млн 150 мың адам Ресей, Украина, Белоруссиядан Қазақстанға көшірілді. Ал 30-шы жылдары бұрыңғы КСРО-ның орталық аймағынан 250 мың адам шаруалыққа жіберілді, ол кезде Ресейдегі шаруашылық түбегейлі жойылған болатын. Сол кездері нысандар құрлысына 1 млн 200 мың адам бағытталды. Сталиндік режим кезінде 800 мың неміс халқы Поволжьядан, 102 мың поляк, 507 мың Солтүстік кавказ, 18,5 мың корей отбасысы алыс Шығыстан депортацияланды. Олар кең далаға көшірілді. Ол кезде қазақтар шоғырланған болатын. Бұл сандарды айтып отырған себебім, біз өткенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. Жастар көп біле бермейді, олар барлығы қазіргі жағдайда болғандай көреді. Ал біздің бабаларымыз бастан кешірген ауыртпалықты біз әрқашан есте ұстауымыз керек», - деді Елбасы.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 14 қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстанда Алғыс айту күні деп бекітілді.
Индира Кауметова
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек -
Шомылу маусымы кезінде нені ескеру керек -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар