- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте 112 мың ағаш көшеті егіледі
Шымкентте 112 мың ағаш көшеті егіледі
Шымкент қаласында өтетін сенбілікте қаладағы саябақтарға 1000 түп аққайың көшеттері мен 500 дана раушан гүлі отырғызылатын болады. Сондай-ақ, көктем мен күз маусымында қала аумағындағы саябақтар мен жол бойларына жалпы саны 112 187 дана қайың, үйеңкі, емен, қарағай, түрлі хош иісті ағаш көшеттері мен аршаның түрлері және қылқан жапырақты ағаш көшеттерін егу жоспарлануда.
280 гектар жер теліміне отырғызылған мәдени сәнді ағаш көшеттері жерге тез бейімделуі үшін көшеттер жергілікті бау-бақшалардан алынады. Оны арнайы мамандандырылған «ЛТД Тұрмыс», «Шымкент жасыл қала» және «Байтерек ЛБ» мекемелері суғарып, күтіп, баптайды. Жыл сайын отырғызылған көшеттер табиғи немесе түрлі себептермен қураса, жасыл желектер ағаштарды отырғызған мердігер мекеменің есебінен қайта егілетін болады. Бүгінгі таңда этносаябақ пен «Абай», «Тәуелсіздік», «Орталық» саябақтарына 3 мың данаға жуық қылқан жапырақты қырым қарағайы отырғызылса, әкімшілік іскерлік орталығы мен «Нұрсәт» саябағына 100 дана қылған жапырақты қырым қарағайы ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады