• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының 30 пайызы ауыз сумен жабдықталды

Маңғыстау облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының 30 пайызы ауыз сумен жабдықталды

15 Қараша, 2013 15:08
Маңғыстау облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының 30 пайызы ауыз сумен қамтылды. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлімдеді.

««Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2011 жылдан бастап 28 жоба іске асырылды, оның ішінде 83 пайызы қала, 28 пайызы ауыл тұрғындары сумен жабдықталды. Өзге аудандарда тек қондырғы орнату керек болса, Маңғыстауда теңіз суын қысатын қосымша қондырғыларды тұрғызу керек», - деді А. Айдарбаев.

Оның айтуы бойынша, аймақта ауыз су өндіретін табиғи көз жоқ.

«Біз елдегі мұхит суын қысатын жалғыз аймақпыз. Бүгінгі таңда қолданыстағы судың жартысын МАЭК өндіреді. Өзіндік су көзін өндіру тек қана оннан бірін құрайды. Қалған 40 пайызы «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырынан жеткізіледі, оның ара қашықтығы 1000 шақырым. Ол Еділ өзенінің суы», - деді А. Айдарбаев.

Аймақ басшысының айтуынша, бұл үрдіс көп уақыт пен бюджеттік қаржыға шығын келтіреді.

 

Барлық жаңалықтар