• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы ҚР БҒМ мектепке дейінгі балаларға арналған ерте жетілу тұжырымдамасын жасап шығарады

2014 жылы ҚР БҒМ мектепке дейінгі балаларға арналған ерте жетілу тұжырымдамасын жасап шығарады

15 Қараша, 2013 14:44
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ерте жетілу және жаңа дамыту бағдарламасы тұжырымдамасын дайындау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«2014 жылы мектепке дейінгі білім беруде ерте жетілу және жаңа дамыту бағдарламасы Тұжырымдамасын дайындау, біліктілікті арттыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиешілерді қайта даярлау, сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбиеге балаларды барынша молырақ тарту жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, министрлік тарапынан орта білім беруде кадрлық әлеуетті нығайту, бірінші кезекте ауылдық жерлердегі мектептерден бастау күн тәртібіне қойылған. Сонымен қатар, педагогтардың біліктілігін арттыру жұмпыстары жалғаса береді. Ондағы маңызды бағыттардың бірі білім беру процесіне отбасын, мектеп пен қоғамды араластырып, қамқорлық кеңесін құру.

«Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде мемлекет пен кәсіпкерліктің құқықтық және экономикалық тұрақты шарттарын құрып, білім беруге әр түрлі саладағы өнеркәсіптен жоғары білікті мамандарды тарту керек.

Ал жоғары білім беру жүйесінде ЖОО автономиялау пилотты жобасы енгізіліп, үдемелі индустиялды-инновациялық бағдарламасының басым бағыттарына лайықталған ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру жүйесін құру қолға алынбақ.

 

Барлық жаңалықтар