- Басты
- Жаңалықтар
- ӘШҚ қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері төтенше жағдайлар туындайтын кездегі іс-қимылдарды пысықтады
ӘШҚ қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері төтенше жағдайлар туындайтын кездегі іс-қимылдарды пысықтады
Оқу-жаттығуға Алматы гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері мен штаб бастықтары, сондай-ақ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары қатысты. Өткізілген іс-шараның мақсаты жеке құрамның күзетілетін нысандарда қауіп-қатердің туындауын алдын алу мәселелерінде бірыңғай ұғыну және іс-қимыл алгоритмін пысықтау болып табылады.
«Біз төтенше жағдайлар туындаған кезде арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-әрекет ететін күштердің ұйымдастырылуы мен іс жүзінде орындалуын көрсеткіміз келді», - деп 97617 әскери бөлімі әскерлер қызметі бөлімінің бастығы подполковник Виктор Сидоренко атап өтті.
Оқу-жаттығуды 97617 әскери бөлімінің командирі подполковник Бақытжан Дүйсебеков пен осы бөлімнің штаб бастығы майор Алтынбек Исақанов өткізді. Оқу-жаттығу кезінде кіреберіс жолдарды, әскери нысандардың өлшемін немесе әскери бөлімді қаруланбаған адамдармен бұғаттау кезінде әскери бөлім командирлерінің, тәуліктік нарядтағы лауазымды адамдар мен әскери бөлім жеке құрамының практикалық іс-қимылдарын көрсеттік. Оқу-жаттығуға қызметтік иттермен бірге кинологиялық қызметтің қызметкерлері және жедел ден қою тобы тартылды.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Вирус мутацияға ұшыраса да, вакцина қорғаныс әсерін бере алады -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ -
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ