- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Экспорттық бағдарланған өндірістерді дамыту - экономикалық саясаттың басымдылығы
Н.Назарбаев: Экспорттық бағдарланған өндірістерді дамыту - экономикалық саясаттың басымдылығы
А.Мамин Елбасыға «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының 2015 жылғы қызметінің нәтижелері мен биылғы жоспарлары, сондай-ақ ұлттық компания операторлық ететін «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін жүзеге асыру үшін көлік-логистика кешенін дамытудың, экономиканы әртараптандырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және жиынтық ішкі өнімді ұлғайтудың маңыздылығын айтты.
Қазақстан Президенті инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өндірістерді дамыту елдің экономикалық саясатының басымдығы болып саналатынына назар аударды.
А.Мамин автомобиль және теміржол магистральдарын қайта жөндеу, Каспийдегі порт инфрақұрылымын жаңғырту, «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы мен арнаулы экономикалық аймақты дамыту жөніндегі жұмыстар кестеге сәйкес іске асырылып жатқанын айтты.
«Қазақстан темір жолының» президенті 2015 жылы «Боржақты-Ерсай» теміржол желісі пайдалануға берілгенін, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнаулы экономикалық аймағының «құрғақ порты» іске қосылғанын, Ақтау портында жаңа нысандар, Астана қаласында Орталық Азиядағы ірі көлік-логистика орталығы жұмыс істей бастағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, жыл аяғына дейін Маңғыстау облысындағы Құрық портында паром кешенінің, «Алматы-1 – Шу» теміржол учаскесінде екінші бағыттың құрылысын аяқтау, ал «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуы қарсаңында елорда әуежайының халықаралық терминалы мен жаңа теміржол вокзалының құрылысын бітіру жоспарланып отыр.
А.Мамин сондай-ақ компания қызметті жетілдіру және шығыстарды қысқарту бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын, оның экономикалық тиімділігі 2015 жылы 169 миллиард теңге болғанын айтты.
Компанияның жаңа өкілеттіктерді дамыту және контейнерлік пойыздар қызметін ілгерілету бағытындағы жұмыстары Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік контейнерлік жүк ағынын 2014 жылмен салыстырғанда былтыр екі есеге ұлғайтуға, ал транзиттік тасымалдан түсетін табыстың үлесін 28%-ға жеткізуге мүмкіндік берген.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру