- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Сербия ынтымақтастығының перспективаларын талқылады
Қазақстан мен Сербия ынтымақтастығының перспективаларын талқылады
Тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Ерболат Досаев Сербия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы маңызды серіктесі болып табылатынын атап өтті. Алайда министрдің пікірі бойынша өзара сауда туралы деректер ынтымақтастықтың әлеуетіне сәйкес келмейді. Елдер арасындағы тауар айналымы 2015 жылы 55,9 млн. АҚШ долл. құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артық. Қазақстаннан Сербияға экспорт 2015 жылы – 27,5 млн. АҚШ долл., импорты – 28,4 млн. АҚШ долл. құрайды.
Өз кезегінде Премьер-Министр орынбасары - Сауда, туризм және телекоммуникациялар министрі Қазақстан мен Сербияның өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға қызығушылығын танытты.
Тараптар ауыл шаруашылығы, фармацевтика, ақпараттық технологиялар және туризм саласында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі екендігін атап өтті.
Кездесу соңында Ерболат Досаев серб делегациясына «Астана-ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатыны үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ Астанада ағымдағы жылғы 25-26 мамырда Астанада өтетін IX Астана Экономикалық Форумына қатысуға шақырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды