- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы өкілімен жүзеге асырылып жатқан ортақ жобаларды талқылады
Б.Сағынтаев Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы өкілімен жүзеге асырылып жатқан ортақ жобаларды талқылады
Тараптар Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобаларды, сондай-ақ еліміздің «Doing Business» рейтингісіндегі позициясын жақсартуға арналған реформаларды талқылады.
Бақытжан Сағынтаев келіссөздер барысында Қазақстанды Дүниежүзілік банктің «Enabling the Business of Agriculture» («Агробизнесті дамыту») есебіне қосуды ұсынды.
Зерттеу қорытындылары Үкіметке талдау жүргізуге және ауыл шаруашылығындағы бизнес жүргізуге әкімшілік кедергілерді қысқартуға, тәуелсіз сарапшылардың ұсыныстары негізінде шет елдердің табысты тәжірибесін ескере отырып, АӨК-ді дамытудың қолданыстағы бағдарламаларына өзгерістер енгізуге, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталатын бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, бұл орталық және жергілікті атқарушы органдардың өңірлердегі отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау бойынша жұмысына баға беруге мүмкіндік береді.
«Enabling the Business of Agriculture» алғашқы есебі 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланды. Онда 40 елдегі 10 тақырыптық бағыт бойынша реттеуші тетіктер талданған.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ