- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Мельдшов: Есептен шығару куәлігін 4-19 наурыз аралығында алуға болады
Б.Мельдшов: Есептен шығару куәлігін 4-19 наурыз аралығында алуға болады
«Сайлаушы өзінің бұл құқығын іске асыра алуы үшін әкімдіктер сайлаушылар тізімдерін жасайды және олардағы мәліметтердің анықтығы мен толықтығына жауап береді. Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады. Сайлау туралы заңға сәйкес әкімдіктер 28 ақпаннан кешіктірмей тиісті учаскелік сайлау комиссияларына сайлаушылардың жаңартылған тізімдерін акт бойынша берді.Осы сәттен бастап учаскелік сайлау комиссиялары тікелей сайлау учаскелеріндегі жұмысқа кіріседі», - деді ол.
Астана тұрғындары қаладан тыс шыққан жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясынан дауыс беру құқығымен есептен шығару куәлігін алады. Бұл үшін 4-19 наурыз аралығында өтініш жазып, жеке куәлікті ұсыну керек.
«4 наурыздан бастап сайлаушылар тізімдері танысу үшін учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында ұсынылады, әрбір сайлаушы оларда өзі туралы деректерді дауыс беру күніне дейін және сайлау күні тексере алады.Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жеке басын куәландыратын, сондай-ақ тұрғылықты жерінде тіркелгенін (мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабы) растайтын құжаттармен келіп, сайлаушылар тізімдерімен мұқият танысу қажет.Сайлаушының тегі тізімде жоқ болған немесе өзі туралы деректерде дәлсіздіктерді анықтаған жағдайда сайлаушы жоғарыда аталған құжаттардың негізінде оны тізімге енгізуді немесе қажетті түзетулер енгізуді талап ете алады. Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің елді мекені шегінен тысқары шыққан жағдайда, сайлаушыға дауыс беру мүмкіндігін дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі береді», - деді Б.Мелдешев.
Ботагөз Айтжанова
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
Антикор: Әкімшілік тәжірибе сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді