- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да ойын алаңдары ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналып жабдықталады
ШҚО-да ойын алаңдары ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналып жабдықталады
Аймақ басшысы Даниал Ахметов тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде 2016 жылдың көктемінен бастап ойын алаңдары қайта жабдықталатынын атап өтті. Д.Ахметовтың пікірінше, ерекше күтімді қажет ететін балалар өз құрдастарымен ашық әрі еркін байланыста болу керек. Бұл үшін барлық мүмкіндік жасалуы қажет.
«Біз абаттандыру және көгалдандыру мәселелеріне тоқталған кезде тек қоғамның бір санатын ғана ойлаймыз. Өзге, яғни физикалық қабілеті жетілмеген балаларымыз жайлы неге ойланбаймыз. Ешбір қала мен ауданда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған өз құрдастырымен ойнайтын ойын алаңдары жоқ. Бірінші болып бұл міндетті Өскемен мен Семей қалаларының әкімдері жүзеге асырады», - деді Даниал Ахметов.
Бұл шешім мүмкіндігі шектеулі балаларға еш кедергісіз қоғам орнатудың қажеттілігінен туындап отыр. Әрбір қала, аудан, ірі елді мекендердің әкімдеріне парктер мен демалыс орындарында арнайы ойын алаңдарын орнату тапсырылды.
Атап өтсек, облыста аталмыш балалар тобына арнайы жағдай жасау жұмыстары жүрзілуде. 2016 жылдың қыркүйек айында ойлау қабілеті сақталған, есту, көру, қимыл-қозғалысы нашар балаларға арналған пансионат құрылысы аяқталады. Аталмыш мекеме балаларға қалыпты орта орнатуға және арнайы мамандық бойынша білім алуға мүмкіндік береді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары