- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК: Сайлау органдарының үгіт науқаны кезеңіндегі негізгі міндеті - барлық саяси партиялар мен кандидаттарға үгіт жүргізу үшін тең жағдайлар туғызу
ОСК: Сайлау органдарының үгіт науқаны кезеңіндегі негізгі міндеті - барлық саяси партиялар мен кандидаттарға үгіт жүргізу үшін тең жағдайлар туғызу
Т. Охлопкова атап өткендей, «сайлау органдарының үгіт науқаны кезеңіндегі негізгі міндеті - барлық саяси партиялар мен кандидаттарға үгіт жүргізу үшін тең жағдайлар туғызу болып табылады».
«Дегенмен, сайлау процесіне тікелей қатысушылар ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарының өздері де, Сайлау туралы заңның саяси партиялар және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін тең жағдайлар жасау жөніндегі талаптарын іске асыруға мүдделі болуы тиіс. Сондай-ақ үгіт науқаны барысын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру процесінде азаматтық қоғам институттары, ҮЕҰ және байқаушылар маңызды рөл атқарады» - деді Т. Охлопкова.
Жалпы бақылауға қатысты оны, сайлау органдары, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, сондай-ақ прокуратура органдары жүзеге асырады.
Атап айтқанда, Ортсайлауком Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен бірлесіп күнделікті негізде 16 республикалық телеарнаға, 12 радиоарнаға, 48 республикалық газетке, 15 журналға, 159 интернет-ресурсқа, 31 өңірлік телеарнаға және 174 өңірлік газетке мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
Мониторингтің алдын ала мәліметтері сайлау заңнамасының саяси партиялар мен кандидаттардың үгіт науқанын жүргізуде бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ партиялар мен кандидаттардың қызметін тең жария ету туралы талаптары тұтастай сақталып отырғанын көрсетеді.
Т. Охлопкова Ортсайлауком және аумақтық сайлау комиссиялары сайлау процесіне қатысушылардың үгіт науқанын жүргізуге байланысты барлық өтініштеріне барынша жедел түрде ден қоюға тырысатынын атап өтті.
«Нәтижесінде, сайлау органдарының және сайлау процесіне барлық қатысушылардың күші сайлау заңнамасының талаптарына және халықаралық жалпыға бірдей танымал қағидаттарға сәйкес әділ және транспарентті сайлау науқанын өткізуге бағытталуы тиіс» - деп атап өтті Т. Охлопкова брифинг соңында.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер