- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет ҚР мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселесі қарады
Үкімет ҚР мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселесі қарады
Отырысты ашқан С.Ахметов министрлер кабинетінің жаңа мүшелері - Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевты, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мухтар Құл-Мухаммедті, сондай-ақ ҚР Экономика және бюджеттік жоспаралау министрі Ерболат Досаевты таныстырды.
Ол Өңірлік даму министрлігінің қызметі өңірлер мен ел экономикасы салаларының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін жағдайларды туғызуға бағытталатын болады деді.
«Өңірлік даму министрлігі екі агенттікті біріктіру арқылы «Өңірлерді дамыту», «Қолжетімді баспана-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Ақ бұлақ», ТКШ жаңғырту және моноқалаларды дамыту бағдарламаларын жүзеге асырудың бірыңғай үйлестірушісі болады», - деп атап өтті С.Ахметов.
ҚР ЭБЖМ-не Қаржы министрлігінің бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілеттілігі; ИЖТМ-нен инвестицияға қолдау көрсету мен жағымды инвестициялық ахуал туғызудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру уәкілеттілігі берілді.
«Сондай-ақ Өңірлік даму министрлігіне Ішкі істер министрлігінен халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясат мәселесі де беріледі. Яғни, Өңірлік даму министрлігі стратегиялық және экономикалық жоспарлауды есепке алғанда, көші-қон саясатын жүзеге асырумен кешенді түрде айналысатын болады», - деп қосты Премьер-Министр.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігінен – жерді мелиорациялаудан басқа, «жасыл экономиканы» дамыту саясатына бақылау жасау және жүзеге асыру, табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалануды қадағалау, су ресурсын басқарудың және балық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру қызметтері мен уәкілеттіліктерін алады.
Атом энергетикасы агенттігі енді Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрамына кіретін болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ІІМ-нің халықтың көші-қон саласындағы ведомствоаралық үйлестіру, көші-қон үрдісін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу, көші-қонды реттеу қызметтері мен уәкілеттіліктері беріледі.
Бұдан басқа, С.Ахметов ҚР Президентінің Жарлығымен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған Талғат Ермегияевқа сәттілік тіледі.
«Қайта құрылған барлық мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының Жарлығын жүзеге асырудың басқа да қажетті шараларын қабылдасын. Біз барлық ұйымдастыру шараларын жедел түрде шешіп, жұмысқа кірісуіміз қажет. Президент біздің алдымызға өте маңызды міндеттер қойып отыр, оларды нақты, сапалы әрі уақытылы орындауымыз қажет», - деп тапсырды С.Ахметов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты