- Басты
- Жаңалықтар
- «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жаңаарқа ауданының тұрғындарына қызмет көрсетті (ФОТО)
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жаңаарқа ауданының тұрғындарына қызмет көрсетті (ФОТО)
2016 жылдың 16 және 25 ақпан аралығында «Саламатты Қазақстан» консультативті-диагностикалық медициналық пойызында Қарағанды облысы Теректі, Түйемойнақ, Шұбаркөл, Қызылжар бекеттерінің тұрғындары тексерістен өтті.
“Дәрігерлердің қабылдауына келушiлердiң қарасы көп. Бүгінгі күні барлығы 645 адам, оның ішінде 235 бала тексерілді. Дәрігерлік қаралудан 3267 адам өтті. 7541 диагностикалық процеруда жүргізілді (537 ішкі органдардың ультрадыбыстық зерттеуі, 628 бас миының эхоэнцефалография және ультрадыбыстық допплерографиясы, 374 электрокардиография, 187 көздің ішкі қысымын өлшеу, 370 рентгенологиялық зерттеу, 52 эндоскопия, 5393 клиникалық-биохимиялық анализ), 43 кіші емханалық ота жасалды. Маммолог дәрігерден 243 әйел қаралды. Стоматологиялық көмек 163 тұрғынға көрсетілді”, - делінген хабарламада.
Пойыз мамандары 313 ауруды тіркеген, оның ішінде 20 бала бар. Жаңадан пайда болған 1 дерт анықталған.
Ағымдағы жылдың алғашқы сапарында медициналық пойыздың дәрігерлері Қарағанды облысының 19 бекетін қамтуды көздеп отыр. Бір ай бойы шағын стансалар мен оларға таяу орналасқан елді мекендердің тұрғындарына жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Осы уақыт ішінде пойыз Қарағанды темір жолына қарасты алты стансада болды. Маңадыр елді мекені медициналық пойыздың бесіші аялдамасы болып табылады. Бұл игі шара «Қазақстан - 2050» стратегиясының басым бағыттарын іске асыруға бағытталған.
Барлық кабинеттер барлық қажетті диагностикалық құралдармен жабдықталған. Жоғары сапалы медициналық көмек көрсетілгендіктен, халық медициналық пойыздардың қызметіне ризашылығын білдіруде.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі