- Басты
- Жаңалықтар
- А.Дауылбаев: Сапалы кадрлық қамтамасыз ету жүйесін құру -қадағалау органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі
А.Дауылбаев: Сапалы кадрлық қамтамасыз ету жүйесін құру -қадағалау органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі
Бас Прокурор атап өткендей, сапалы кадрлық қамтамасыз ету жүйесін құру қадағалау органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Бас прокуратура осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарды. Кейінгі жылдары кадрды басқарудың көптеген инновациялық технологиялары жүзеге асырылды: құқықтық база жаңартылды, кандидаттарды іріктеу жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданды, меритократия және ашықтық қағидаларын, кадрларды аттестаттауды қамтамасыз ете отырып қызмет өткерудің заманға сай технологиялары енгізілді.
Қызметке қабылдау барысында, сондай-ақ аттестаттау және қызметтік тергеп-тексеру жүргізгенде міндетті түрде полиграфологиялық зерттеуді қолдану бекітілді.
Персоналдың құзыретін бағалаудың жаңа жүйесі қызметкердің кәсіби өсуінің, қызметте жылжуының, еңбекті ынталандырудың ашықтығын қамтамасыз ететін қарымды құрал ретінде қызмет етеді.
Әсіресе төменгі аумақтық бөлімшелерде жас мамандарды даярлау және олардың кәсіби қалыптасуы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Осы мақсаттарда Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы құрылды, ол кадрлардың жаңа толқынын оқыту және тәрбиелеудің басты орталығына айналмақ.
Бас Прокурор қадағалау органдарының басшыларынан кадр саясатын қайта қарауды, прокурорлардың қатарын өздерінің іскерлік және моральдық қасиеттерімен қойылған тапсырмаларды құзыретті шешуге және азаматтардың сеніміне ие болуға қабілетті білікті мамандармен толықтыруға бағытталған бірізді шаралар қабылдауды талап етті.
Үміткерлерді іріктеу рәсімін жетілдіру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, кездейсоқ және лайықсыз адамдардың қызметке келу фактілерін болдырмау осы жұмыстардың маңызды бағыттары ретінде белгіленді.
Осыған орай қызметке үміткерлердің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін жан-жақты және толық зерттеу, бұрынғы жұмыс орны бойынша мінездемені объективті бағалау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, сапалы кадрлық резервті қалыптастыру мақсатында ең білімді және адал ниетті қызметкерлерді қызмет бойынша жоғары жылжыту қажеттілігі аталып өтілді. Осы шаралар қызметті төменгі лауазымдардан бастау және құзіреттілік ұстаным негізінде одан әрі жылжыту қарастырылған Ұлт жоспарының бірінші және екінші қадамдарын іске асыруға бағытталған.
Прокуратурада жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби әлеуеті бар жас мамандар пулын қалыптастыру үшін жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылды жандандыру ұсынылды.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек