• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысының ауыл тұрғындарына ШОБ-ті қолдау бойынша мобильді кеңес беру ұйымдастырылды

Қарағанды облысының ауыл тұрғындарына ШОБ-ті қолдау бойынша мобильді кеңес беру ұйымдастырылды

15 Қараша, 2013 12:12
Кәсіпкерлікті қолдау мобильді орталығы Қарағанды облысының ауданыдарына шығып ауыл тұрғындарына шағын және орта бизнестің дамуы бойынша кеңес береді. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Кәсіпкерлікті қолдау орталығы аудандарға шығып өз кәсібін ашушыларға тегін кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Олар шағын және орта бизнеске қолдау көрсететін «Даму» және өзге мемлекеттік бағдарламлардың қолдауы жайында ақпар таратады», - деп хабарламада нақтыланған.

2013 жылы қарағандылық мобильді орталық 60 аудандық орталықта қызмет көрсетіп, 650 консультация өткізген.  

Сондай-ақ, мобильді орталықтың жұмысы барысында өз кәсібін ашушыларға семинар жұмыстарын өткізу ұйымдастырылды.

 

Барлық жаңалықтар