- Басты
- Жаңалықтар
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болады
Мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» үкіметтің қаулысына 2016 жылғы 29 қаңтарда қол қойылды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ИДМ заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті іс-шаралар жүргізуді және корпорацияны құру рәсімдерін бастайды.
Мүдделі уәкілетті органдар корпорацияның қызметін және мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін регламенттейтін 140 астам заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актіні әзірледі және олар мемлекеттік тіркеуден өтуде.
Біріктірілетін кәсіпорындардың барлық қызметкерлері өз жұмыс орындарын сақтап қалады. Корпорация көрсететін қызметтер санының артуына байланысты қазіргі уақытта корпорацияның құрамына кірген барлық кәсіпорындардың фронт-офистері қызметкерлерін оқыту жүргізілуде.
Сол сияқты, министрлік ішкі құжаттаманы, корпорацияның даму жоспарларын әзірлеуді, инфрақұрылымды талдау мен оңтайландыруды, түгендеуді қамтитын ұйымдастырушылық жұмыстар мен басқа да іс-шаралар жүргізуде.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес корпорацияны құру жөніндегі барлық рәсімдер аяқталғанша дейін «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы», «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» РМҚК өз қызметтерін бұрынғы режимде көрсететін болады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары