• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Толеранттылық және БАҚ» атты I халықаралық этникалық масс-медиа форумы өтті

Астанада «Толеранттылық және БАҚ» атты I халықаралық этникалық масс-медиа форумы өтті

15 Қараша, 2013 11:42
Бүгін, 15 қарашада Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен «Толеранттылық және БАҚ» атты I халықаралық этникалық масс-медиа форумы өтті.

«Шараға журналистік және ғылымы қауымдастық өкілдері, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері, Қазақстандағы дипломатиялық миссия өкілдері мен шет елдік сарапшылар қатысты», - делінген хабарламада.

Шараның алғы сөзін ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев ашты. Оның айтуынша, ұлтаралық және дінаралық келісім еліміздің басты құндылығы болып табылады. Бұл ұстанымдар Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында» да көрініс тапқан.

Барлық жаңалықтар