- Басты
- Жаңалықтар
- 200 гектардан астам жер телімі ұлттық парктерге ұзақ мерзімді қолданысқа берілді
200 гектардан астам жер телімі ұлттық парктерге ұзақ мерзімді қолданысқа берілді
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) жер телімдерін ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға бекітіп беру жұмысы 2007 жылы ЕҚТА туралы жаңа Заңның және заңға тәуелді актілердің қабылданғанынан кейін басталды.
2007-2009 жылдары барлық ұлттық парктер мен мемлекеттік резерваттарды туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары жасалды.
Бас жоспарлар байқау негізінде мамандандырылған мекемелерде жасалып, сонымен қатар, барлық ұлттық парктер мен табиғи резерваттарда туристік және рекреациялық қызметтегі жерлер бөлініп территориялық аймақтандыру жүргізілді.
Бас жоспар бойынша экожүйеге залал келтірмейтіндей етіп жеке және заңды тұлғаларға конкурс негізінде ұзақ мерзімді пайдалануға арналған жер телімдері анықталды.
Әзірленген бас жоспарлар мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтіп, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бекітілді.
Бас жоспарда құрылыс нысандарына қойылатын талаптар бойынша көп қабатты құрылыстардың қамтылуы, табиғи ландшафтардан жасалған құрылыс материалдарын пайдалану, сондай-ақ, рекреациялық жүктеме нормалары анықталды.
Сондықтан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жер телімдерін пайдалануға беру жаңалық емес. Бұл жағдай, нақтырағын айтқанда, 2007 жылдан қолға алынған болатын.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды