- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова: Алғыс айту күні қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрінің тарихи тамырларынан негізделеді
Г.Әбдіқалықова: Алғыс айту күні қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрінің тарихи тамырларынан негізделеді
ҚХА Кеңесінің отырысында «Үлкен үй – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселелері қаралып, ҚР Парламенті Мәжілісінің
V шақырылымындағы ҚХА депутаттық тобының қызметі қорытындыланды.
Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысына «Мәңгілік Ел» идеясының, сондай-ақ Қазақстан халқының форумында және биылғы сәуірде өтетін ҚХА-ның XXIV сессиясында ұсынылатын Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасының іске асырылуы жөнінде есеп беруге кірісіп кеткенін атап көрсетті.
Г.Әбдіқалықова ҚХА Кеңесінің қазіргі кезеңдегі басты міндеті Қазақстан Президенті қойған стратегиялық міндеттерді іске асыру екеніне назар аударды. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту мәселелерін халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басты бағыт болуы керек.
Мемлекеттік хатшы бірнеше күннен кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен белгіленген Алғыс айту күнін барша Қазақстан халқы алғаш рет атап өтетінін айтты.
«Алғыс айту күні Ұлы Дала Елінің ұлы мұрасын лайықты түрде жалғастырушы қазақ халқының ежелгі кең пейілділік, қонақжайлық және мейірімділік қасиеттерінен бастау алатын мәдениеті мен дәстүрінің тарихи тамырларынан негізделеді», – деді Г.Әбдіқалықова.
Ассамблея Кеңесі отырысын ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов жүргізіп отырды. ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Е.Каппель баяндама жасады.
Отырыс соңында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 87-бабына және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес, ҚХА Кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Ассамблеядан сайланатын 9 кандидатты ұсынды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары