- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында «Тыңда, дала, Жамбылды!» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті (ФОТО)
Жамбыл облысында «Тыңда, дала, Жамбылды!» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті (ФОТО)
Мүшайраға еліміздің түкпір түкпірінен 17-жастан жоғары 34 жыр, терме орындаушылары қатысты.
Орталық концерттік залдың сахнасында Жетісулық авторлардың терме, дастан, толғауларынан үзінділер шырқалады. Олардың арасында Жамбыл Жабаевтың жырларынан үзінділер, Сауытбек, Сүйінбай, Үмбетәлі, Кенен Әзірбаев, Аяз Бетбаевтың шығармалары бар.
Іс-шараға Жамбылдың ұрпақтары, шөбересі Бекжан Махметов және Мұратхан Жамбылов арнайы қатысты.
Жыр алыбының шығармаларын орындаған байқау қатысушыларының талантын белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, дәстүрлі әншілер Дүйсенбек Өмірәлиев, Қапаш Құлыш, Әбдімомын Желдібаев, Аяз Бетбаев, Елікбай Иса бағалады.
Сынға түскендердің ішінен оқ бойы озық шыққан алматылық Рахымбай Данияр бас жүлдені иеленсе, бірінші орынды Тоқтағанова Мақпал мен Жамбылдық Сұлужан Әбенова қанжығасына байлады.
Екінші, үшінші орындарды Астана, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының қатысушылары өзара бөлісті.
Республикалық өнер жарысының жеңімпаздарына дипломдар, ақшалай жүлделер табысталды.
Іс-шараның мақсаты ұлттық өнерімізді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу. Еліміздегі жыршылық, термешілік дәстүрді жалғастыру, халық шығармашылықты қолдау, елін сүйген ақынның шығармашылығын өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Жамбыл - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршысы. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол ел өміріндегі жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлаған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады