- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: ШҚО-да 2016 жылы 9 жоба жүзеге асырылуда
ИИДМБ: ШҚО-да 2016 жылы 9 жоба жүзеге асырылуда
Соның ішінде ең ірі жоба Аягөз ауданындағы «Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің құрылысы». Жоба іске қосылған кезде1,5 мың жұмыс орны ашылып, жылына 50-65 млн. тонна кен шығарылады. Өткен жылы қышқыл кендерді өңдеу кешені негізінде алғашқы 400 тонна катодтық мыс алынды.
Қазақстан экономикасындағы автомобиль өнеркәсібіндегі өсіп келе жатқан сұраныс пен оның маңыздылығын назарға алып, автомобиль кластері құрылатын болады. «Pricewater houseCoopers (PwC)» ірі халықаралық консалтингтік компания тартылған, ол шағын және орта бизнес үшін өндіріс ұйымдастыру бойынша ұсыныстары бар шебер-жоспарын ұсынды.
Сонымен қатар аймақ үшін Өскемен қаласында толық циклді автозауыт және автобөлшектер шығаратын технопарк құрылысының маңызы зор. Жоба қосымша 15 млрд. теңге салық түсімдерін әкелмек.
Автозауыт құрылысымен бір уақытта меншікті зауыттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы басқа автоөндірістер үшін автобөлшектер өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорынды кезеңмен құру жоспарланған. Бұл өндіріс өнімдердің өзіндік құнын азайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға көзделген.
2015 жылы индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 5,5 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылып, 562 жұмыс орындары ашылды.
Жалпы, ҮИИДБ-ның бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша 226 млрд. теңгеге 48 жоба іске асырылып, 7 мыңнан астам жұмыс орындары ашылып, 7 млрд. теңгеден астам салық түсімдері аударылды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар