- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ға алдағы 3 жылда 200 млрд. теңге шетел инвестициясын тарту жоспарлануда
ШҚО-ға алдағы 3 жылда 200 млрд. теңге шетел инвестициясын тарту жоспарлануда
Құрылыс жұмыстарының көлемі 109%-ға, бөлшек тауар айналымы 105%-ға,меншікті кірістер 105,5%-ға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 100,6%-ға өссе, негізгі капиталға инвестицияның көлемі 119%-ға дейін жоғарылады.
2015 жылы инвестиция тарту екі бағытта жүргізілді. Ол – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және халықаралық қаржы институттарымен байланыс орнатып, қаражат тарту арқылы.
«Біздің басты мақсатымыз – бюджет қаражатын үнемдеп, концессиялық жобаларды мемлекеттік-жеке меншік және халықаралық қаржы институттарынан инвестиция тарту арқылы жүзеге асыру», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов өз баяндамасында.
2015 жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 28 балабақша қолданысқа берілді. Сонымен қатар елімізде алғашқы болып облыста концессиялық келісім негізінде 11 балабақша құрылысы басталды. Сондай-ақ, Өскемен қаласында көп салалы және Семей қаласында балалар ауруханасының құрылысына байқау жарияланды.
Биылғы жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Өскеменде Ертіс өзені арқылы өтетін және Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылыстарына байқау жариялау жоспарланып отыр.
Бұған қоса Еуропалық қайта құру және даму банкімен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 5 маңызды жоба бойынша жұмыс басталды. 2015 жылдың желтоқсан айында Семей қаласының инженерлік инфрақұрылымы бойынша 11 млрд. теңгені құрайтын екі келісімге қол қойылды.
Еуропалық даму және қайта құру банкіне 154 млрд. теңгені құрайтын 124 жоба қарастырылуға жіберілді.
Облыс әкімінің айтуынша, алдағы 3 жылда 200 млрд. теңге шетел инвестициясын тарту міндеті тұр.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді