- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы ШҚО-ның негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 119 пайызға өсті
2015 жылы ШҚО-ның негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 119 пайызға өсті
Өз баяндамасының басында Даниал Ахметов Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қойған басты міндеттеріне тоқталып өтті.Ең басты бағыт – инвестиция тарту. Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 119%-ға өсті.
Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 5 маңызды жобға инвестиция тартылды. 2015 жылдың желтоқсан айында Семей қаласының инженерлік инфрақұрылымы бойынша 11 млрд. теңгені құрайтын екі келісімге қол қойылды. Сонымен қатар Еуропалық даму және қайта құру банкіне 154 млрд. теңгені құрайтын 124 жоба қарастырылуға жіберілді.
2015 жылы индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 5,5 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылып, 562 жұмыс орындары ашылды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 100,6% өсті. Жалпы алғанда өткен жылы агроөнеркәсіп кешенінде 5 млрд. теңгеге 94 жоба іске асырылды. 2016 жылы Шығыс Қазақстанда сүт-тауарлы фермаларды құру және сүт қабылдау пунктерін дамыту бағдарламасы одан әрі жалғастырылатын болады. Биыл 7 млрд. теңгеге 7 жаңа сүт-тауар фермаларын іске қосу және 17 ферманы қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының көлемі 109%-ға өсті. 2015 жылы 318 мың. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтер кілттеріне 3 мыңнан астам отбасы ие болды. Сонымен қатар өткен жылы 43 әлеуметтік сала нысаны қолданысқа берілді. Құрылысы ұзаққа созылған 118 нысанның 94-і қолданысқа берілді – 54 білім беру және 10 денсаулық сақтау нысандары.
2015 жылы 333,5 шақырым жол жөндеуден өтті, ал биылғы көрсеткіш 2 есе артады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады