- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысына салынған инвестицияның 60%-дан астамы мұнай-газ секторына бағытталған – А.Айдарбаев
Маңғыстау облысына салынған инвестицияның 60%-дан астамы мұнай-газ секторына бағытталған – А.Айдарбаев
«Инвестиция құрылымындағы инвестицияның негізгі көлемі мұнай-газ секторына тиесілі. Жыл басынан бері өңірге 290 млрд теңге инвенстиция тартылған. Ондағы өсім қарқыны 105,5%-ды құрады. Соның ішінде мұнай-газ секторына инвестиция көлемінің 62%-ы тиесілі», - деді облыс басшысы.
Жалпы, Айдарбаевтың айтуынша, 2013 жылдың 9 айында 13,4 млн тонна мұнай алынған, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4%-ға жоғары.
«Маңғыстау облысы Алматы мен Астана қалаларымен қатар республикалық бюджеттік негізгі үш донорының бірі болып табылады. Мысал келтіре кетейік, өңірде мұнайдың геологиялық қорының төрттен бірі, ал табиғи газдың 12%-ы бар. Бұл біздің басты байлығымыз. Облыс локомативі қарқын алып, аралас өнеркәсіптің дамуына жағдай жасауда. Бұл өз кезегінде жұмыссыздықтың жойылып, жұртты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді әкім.
Сонымен қатар, облыста ҚР Мұнай және Газ министрлігімен, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясымен бірлесе отырып өңірдің минералды және минералды-шикізаттық кешенін анықтау, бірінші кезекте көмірсутегі шикізатын барлау жұмыстарының да жүргізіліп жатқаны айтылды.
«Қансу» және «Үстірт» учаскілерінде барлау жобасының жұмыстары мақұлданып, «Шағырлы-Шөмішті» газ кен орнын пайдалану құқын беру келісімшарты дайындалуда», - деді өңір басшысы.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет