- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанайда трансұлттық корпорациялармен бірлесіп автокөлік кластері құрылады
Қостанайда трансұлттық корпорациялармен бірлесіп автокөлік кластері құрылады
Жаңа келісімдер индустриалдық аймақ құруды; арнайы техникалардың жаңа өндірісін; шоғырландыру деңгейін көтеру; экспортқа шығуды қарастырады. Министр атап өткендей, еліміздің инвестициялық саясаттағы басымдықтарын Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» жоспарында айқындап берді – ол бизнес ахуалды одан әрі жақсарту және ТҰК өңдеу саласына тарту.
Индустриаландыру бағдарламасы басталғалы Қостанай облысында өңдеу өнеркәсібі айтарлықтай дамыды. Оның ішінде автокөлік өнеркәсібі. Соңғы 6 жылда мұнда SsangYong, Peugeot, Geely, IVECO, Toyota, Hyundai, JAC сияқты 7 брендтің 25 мың автокөлігі құрастырылды.
Бүгін автокөлік өндірісін одан әрі дамытуға бағытталған 7 құжатқа, оның ішінде FIATGROUP құрамына кіретін IVECO, JAC Motors және «Peugeot-Citroen» сияқты ТҰК тиісті құжаттарға қол қойылды. Бұл келісімдер индустриалдық аймақ құруды; арнайы техникалардың жаңа өндірісін; шоғырландыру деңгейін көтеру; экспортқа шығуды қарастырады.
Әсет Исекешевтің айтуынша, алғашқы кезеңде 40 млн. АҚШ доллары шамасында инвестиция тартуды көздейтін бүгінгі қол қойылған келісімдерді, трансұлттық компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған кезекті қадам деп бағалау керек.
Мысалға, өткен жылы «якорлық инвесторлардың» және ТҰК қатысуымен машина жасау, химия және мұнай-химиясы салаларында 4 жаңа өндіріс іске қосылды.
Биыл машина жасау, фармацевтика және мұнай қызметі саласында ТҰК бірлескен тағы бірнеше өндірісті іске қосу жоспарланған.
Сонымен бірге, АҚШ, Еуропа, Таяу Шығыс және Азиядан 20-дан астам трансұлттық компания тарту бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр.
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады -
Тоқаев: Aқша-несие саясатын рeттeйтiн комитет құрылады -
Қазақстанда жаңа агенттік құрылады -
Қазақстанда шілдеге дейін Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады -
Р.Дәленов: Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады -
Алакөл жағалауындағы веложол мен автокөлік тұрағы пайдалануға беріледі -
Қазақстанда шетелдік жүктері бар көлік құралдарын бақылау жүйесі құрылады -
Ә.Смайылов: 250 мың жаңа жұмыс орны құрылады -
А. Мамин әкімдерге ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
-
200 мың жаңа жұмыс орны құрылады – Е.Дәленов -
Алматы облысында 40 мың жұмыс орны құрылады