• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тобыл өзені арқылы өтетін автокөлік көпірін жөндеу жұмыстары белгіленген кестеден ерте аяқталады (ФОТО)

Тобыл өзені арқылы өтетін автокөлік көпірін жөндеу жұмыстары белгіленген кестеден ерте аяқталады (ФОТО)

26 Ақпан, 2016 09:32
Қостанай облысында Тобыл өзені арқылы өтетін автокөлік көпірін жөндеу жұмыстары белгіленген кестеден ерте аяқталады, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

«Алматы – Екатеринбург» М36 автожолының Тобыл өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмыстары биыл аяқталады. Көпірдің бір жағындағы қозғалыс 2016 жылы 1 шілдеде ашылады.

Көпірді жаңғырту жұмыстары, кіреберіс жолдар мен көліктік айырымдары 1 қыркүйекте   мерзімінен 3 айға ерте толық аяқталады.

Нысанның құрылыс алаңында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мердігер ұйымның және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен көшпелі жиын өткізді. Өткелдегі жұмыстар аяқталғаннан кейін 4 жолақты қозғалыс ашылады. Ұзындығы 278, ені 23 метр. Көпірді қайта жаңғырту жұмыстары 2015 жылы басталды.

 

Барлық жаңалықтар