• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша республикада 4-інші орынға ие

Маңғыстау облысы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша республикада 4-інші орынға ие

15 Қараша, 2013 11:03
Облыстар мен Алматы және Астана қалаларының рейтингісінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша Маңғыстау облысы 4-інші орынға ие, деп мәлімдеді облыс әкімі Алик Айдарбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникацилар қызметінің брифингінде.

«2012 жылдың көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы республиканың барлық облыстары мен Алматы және Астана қалалары арасында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 4-інші, ал әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы бойынша 3 орын ілгерілеп, 9-ыншы орынға табан тіреді», - деді А.Айдарбаев.

Облыс әкімінің айтуынша, облыста жалпы өңірлік өнімнің тұрақты өсімі байқалады. Соңғы үш жылда бұл 1 трлн 600 млрд теңгеге жеткен.

«Сонымен, 2010 жылы республиканың ЖІӨ-дегі облыстың жалпы өңірлік өнімінің үлес салмағы 6,8%-ды құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 8,5%-ға артқан. Ал облыстағы кісі басына жаққанда 19,6 мың долларды құрайды», - деді әкім.

 

Барлық жаңалықтар