- Басты
- Жаңалықтар
- Қытай компаниясы ШҚО-да темір жол құрылысына инвестиция құюға мүдделі
Қытай компаниясы ШҚО-да темір жол құрылысына инвестиция құюға мүдделі
«Сан Бао» ЖШС корпорациясының президенті Кан Хэпин, «Теміржол құрылыс компаниясы» ААҚ бас директорының орынбасары Фан Гуанхуй өз кәсіпорындарының қызметі жайлы ақпараттандырып, әртүрлі саладағы ортақ жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов өз кезегінде қытайлық компаниялар Семей қаласындағы ТЭЦ-3 және Тұрғысын СЭС құрылыстары, сонымен қатар «Шар-Майқапшағай теміржол желісінің құрылысы мен қолданысқа енгізу» концессиялық жобасы сияқты жобалар құрылысына қатыса алатындықтарын айтты.
Кездесу соңында екі жақ теміржол желісінің құрылысы жобасын мұқият қарастыруға келісті. Жүк тасымалдау көлемін анықтау және сараптау мақсатында «Теміржол құрылыс компаниясы» ААҚ өз мамандарын Қазақстанға жиберетін болады.
«Сан Бао» Шыңжаң сауда-өнеркәсіптік компаниясы экспорттық және импорттық сауда айналымымен, шетелде құрылыс нысандарын жүргізумен, өндіру мен қайта өңдеу, құрастыру және логистика салаларымен айналысады. Корпорация жанынан 20 кәсіпорын қызмет істейді. Сонымен қатар Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан сияқты мемлекеттерде еншілес фирмалары мен өкілдіктері бар. Корпорация 500 қытайлық үздік азаматтық кәсіпорын ішінде 69 орынға ие.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары