Маңғыстау облысы өсіп-өну бойынша 1 орында тұр – А. Айдарбаев

15 Қараша, 2013 10:50
Маңғыстау облысы бала туу бойынша 1 орында тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлімдеді.

«Халықтың саны өсуде. Бүгінде облыста 580 мың адам  шоғырланған. Күн сайын Маңғыстаудың перзентханаларында 50 сәби дүниеге келеді. Бала туу бойынша облыс көрсеткіші бірінші орында», - деді А. Айдарбаев.

Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда  облыстың  халық саны  14,6 мың адамға өскен, оның ішінде бала туу 11,4 мың адамға ал көші - қон бойынша 3,3 мың адамға көбейді.

«Біз ішкі көші-қонның дамуын байқап отырмыз. Демек, бұл біздің облыстың жетілуі мен өмір сүру деңгейінің жақсарғаныдығын білдіреді», - облыс әкімі.

 

 

 

Барлық жаңалықтар