- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен В.Лоссерталес ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындық барысын талқылады
Н.Назарбаев пен В.Лоссерталес ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындық барысын талқылады
Кездесу барысында халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындық барысы талқыланды.
Қазақстан Президенті В.Лоссерталеске алдағы іс-шараны ұйымдастыру мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.
«Сіздің келуіңіздің және жұмысымызға баға беруіңіздің біз үшін маңызы зор. Мен құрылыс пен дайындық барысын үнемі қадағалап отырмын, жұмыс кестесінен кешеуілдеу жоқ. Қазір көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан жабдықтау алдыңғы орынға шықты. Құрылыс жұмыстарын жыл аяғына дейін бітіріп, тікелей «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындықты бастау міндеті қойылып отыр», – деді Мемлекет басшысы.
В.Лоссерталес дайындық жұмыстары барысымен танысып, «ЭКСПО-2017» көрмесінің халықаралық қатысушыларының жиналысына қатысына қатысу үшін келгенін айтты.
«Құрылыс алаңын көргеннен кейінгі керемет әсерімді Сізге жеткізгеніме қуаныштымын. Архитектуралық көзқарас тұрғысынан барлық ғимараттар үйлесімді, ал функционалдық тұрғыдан бәрі ойластырылған әрі ыңғайлы салынуда. Құрылыс кідіріссіз, тіпті кестеден оза жүргізіліп жатыр. Негізгі мазмұндық жабдықтау бағдарламасы өте салиқалы әрі айқын, енді павильондардың ішкі сапалық мазмұны оған жауапты компанияларға байланысты», – деді Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері