- Басты
- Жаңалықтар
- Инфрақұрлымды оңтайландыру халықтық медқызметке қолжетімділігін қысқартпайды - ДСӘДМ
Инфрақұрлымды оңтайландыру халықтық медқызметке қолжетімділігін қысқартпайды - ДСӘДМ
«МСАК халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесіндегі орталық звено болады. Оның көлденең (амбулаторлық-емханалық) және тік (психиатриялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық және т.б.) бейінді қызметтермен өзара әрекеттесуі өзгереді. МСАК аясында медициналық көмектің көлемі мен тегін амбулаторлық емдеуге арналған дәрілік заттар тізімін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр», - деді ол.
Вице-министр «Денсаулық» Мембағдарламасының басты бағыттарының бірі – Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылатынын (әрі қарай - АББ) айтты. Ол пациенттерге медқызметкерлермен бірлесе отырып өз ауруларын басқаруға және пациенттің мультидисциплинарлық командалармен үнемі байланыста бола отырып, аурудың асқынуына жол бермеуге, өзіне өзі көмек көрсету машықтарын үйренуге, сонымен қатар, денсаулығына әсер ететін факторларды бақылауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге Мембағдарламаның аясында негізгі әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар: миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделін енгізудің Жол картасы жасалғанын хабарлады.
Әрбір бағыт бойынша қызметтің барлық түрлері: алдын алу, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады.
«Медициналық көмек көрсетудің сапасын арттырудың жаңа институционалдық тетігі ретінде Медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссия құрылды. Оның қызметі – емдеу хаттамасын, медициналық білім стандарттарын, дәрілермен қамсыздандыруды, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бақылау стандарттарын жетілдіру бойынша ұсынымдар жасау», - деді Елжан Біртанов. Сондай-ақ, ол комиссия жұмысына ҮЕҰ өкілдері белсенді түрде қатысатынын мәлімдеді.
Ботагөз Айтжанова
-
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады -
36 кәсіпорын "Халықтық бақылау" жобасына қосылды -
"Қазмұнайгаз" өндірістегі қызметкерлерін қысқартпайды -
А.Мамин мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін 90%-ға дейін жеткізу міндетін қойды -
Президент бюджетті жоспарлаудың барлық кезеңдерінде шығыстарды оңтайландыруға шақырды -
Наурыз шынайы жалпыхалықтық мерекеге айналды - Нұрсұлтан Назарбаев -
Қазақстан Ресеймен қылмыстық процессті оңтайландыру бойынша тәжірибе алмасты -
Ақтөбеде Қазақстандағы алғашқы «Халықтық кеңсе» ашылды -
Ақтөбеде «Халықтық кеңсе» ашылды -
Біз жер бетіндегі барша адамдардың энергияға қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек – БҰҰ (ВИДЕО) -
Жыл соңына дейін «Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау» сервисі іске қосылмақ -
ОҚО медқызметкерлері 29 автокөлік алды (ФОТО) -
Үкіметте мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру мәселелері талқыланды -
Н.Назарбаев Р.Ердоғанды Түркиядағы бүкілхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады