2,5 мыңнан астам жас қазақстандық «Жас Отан» орталықтарынан кеңес алды

15 Қараша, 2013 10:32
«Жас Отанның» кеңес орталықтарында 2,5 мыңнан аса қазақстандық қолжетімді баспана, жұмысқа орналасу және жеке кәсіп ашу секілді түйіткілді сұрақтарына тұщымды жауап алды, деп «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Биылғы   жылдың тамызы мен қазан айы аралығында 2724 жас азамат тиісті кеңес алған. Олардың 33 пайызын жұмысқа орналасу, 11 пайызын өз кәсібін ашу, 17 пайызын басқа да түрлі мәселелер бойынша өтініш жасаған», - деп хабарламада   нақтыланған.

Бүгінде еңбекпен қамту орталығы, денсаулық сақтау басқармасы, ХҚО мамандарымен қатар, құқық қорғау органдары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өкілдері, заңгерлер, «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» менеджерлері жастар буынына мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңес беріп, құқықтық қолдау көрсетуде. Түрлі тақырыптарға семинар-тренингтер өткізіп, тіпті жұмысқа орналасу мәселесін шешуге атсалысуда.

«Акция басталғалы бері 76 адам жұмысқа орналасып,  енді бірі жеке кәсібін ашуға мүмкіндік алды.», –  деп атап өтті «Жас Отан» ЖҚ жобасының жетекшісі Бағлан Шалабаев. 

 

Барлық жаңалықтар