- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар үлескерлер құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобаларын талқылады
Сенаторлар үлескерлер құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобаларын талқылады
Заң жобасы үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысушылардың қарым-қатынастарын реттеу үшін құқықтық алаң құру мақсаттарында әзірленді. Атап айтқанда, заң жобасымен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды мынадай тәсілдермен ұйымдастыру көзделеді: тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігін алу; жобаға екінші деңгейдегі банктің қатысуы; үлескерлердің ақшасын тұрғын ғимараттың қаңқасы тұрғызылғаннан кейін тарту. Бұл ретте тұрғын ғимаратты салу үшін заң жобасында көзделмеген өзге тәсілдермен үлескерлердің ақшасын тартуға тыйым салынады.
Үлестік тұрғын үй құрылысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Үкіметтің, уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың құзыреттері бекітіледі. Сондай-ақ үлескерлердің құқықтары мен міндеттері, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша міндеттемелері мен жауапкершіліктерін орындауы регламенттеледі.
Сенат комитеттерінде заң жобасын талқылау барысында уәкілетті компания тарапынан негізсіз демпинг жасау мүмкіндігін жою үшін шаршы метрдің ең төменгі бағасын қарастыру ұсынылды. Сонымен қатар үлескерлердің құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында уәкілетті компанияның міндеттемелері бойынша құрылыс салушының субсидиарлық жауапкершілігі ұсынылды.
Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Жоба еліміздің заңнамасын «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң жобасының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленген болатын.
Заң жобасында 8 заңнамалық актіге, оның ішінде Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім), Бюджет кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Жарнама туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Оңалту және банкроттық туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейеді. Түзетулер үлескерлердің, құрылыс салушылардың және уәкілетті компанияның заңды мүдделерін тиімді қорғау мен іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған
Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды.
Заң жобасының мақсаты мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда ұғымдық ақпаратты жетілдіру, заңнама деңгейінде мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың негіздерін біріздендіру болып табылады. Заң жобасы аясында жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін реттейтін салалық заңнамалық актілерге бірқатар түзетулер енгізуді көздеу болжанады. Жобаны талқылау барысында «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарға түзетулер енгізу туралы ұсыныстар қаралды. Одан басқа, басқа да түзетулер, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заң техникасына сәйкестікке келтіруге байланысты түзетулер енгізілді.
Заң жобалары палатаның қарауына жіберілді.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»