- Басты
- Жаңалықтар
- ДСӘДМ «Денсаулық» бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді
ДСӘДМ «Денсаулық» бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді
Өз сөзінің басында ол Мемлекет басшысы 2016 жылғы 15 қаңтарда 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасына қол қойғанын еске салды. Ол келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: халықтың денсаулығын қорғауға негіз болатын қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті (әрі қарай - МСАК) басымдықпен дамыту және оны жетілдіру негізінде халықтың сұранысына қарай барлық денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру; медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету; дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің Ұлттық саясатын жүзеге асыру; денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен ынтымақтастығын енгізу негізінде аталған жүйені жетілдіру; денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру; мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, инновациялар мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды қамтамасыз ету.
«Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес, денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамытуға негіз ретінде Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі құрылатын болады (әрі қарай - ҚДЖ). Оның негізгі атқаратын қызметтері: халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен ағарту шараларын жүргізу; жұқпалы және негізгі жұқпалы емес аурулардың, оның ішінде психикалық ауытқулар мен жарақаттанушылықты бақылау; халықтың денсаулығын нығайту мен оны қорғауға бағытталған сектораралық өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету; эпидемиологиялық қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау салаларындағы заңнаманың сақталуын бақылау; аймақтық және ұлттық деңгейдегі аурулардың дамуын ұзақ мерзімді болжау», - деп хабарлады Елжан Біртанов.
Вице-министрдің айтуынша, оқушыларды сауықтыруға баса назар аударылатын болады. Осы ретте «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында мектептегі медицинаны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру қарастырылуда. Оқушыларға арналған Сауықтыру шараларының жыл бойғы күнтізбесін жасау жоспарланып отыр. Ол балаларды профилактикалық тексеру шараларын білім беру ордаларында өткізуді, оқушыларды жыл бойы сауықтыруды; мектептерде аурулардың алдын алуға бағытталған денсаулық сақтау технологияларын енгізуді қарастырады.
Ботагөз Айтжанова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Науқас балаларға донор табу: негізгі проблемалар қандай -
Отандық фармацевтиканың дамуы: 2020 жылдың негізгі көрсеткіштері -
ҚР Төтенше жағдай министрі қар құрсауында қалмаудың жолдарын түсіндірді -
«Ауыл» партиясы шаруа қожалықтарына кооперативтердің пайдасын түсіндірді