- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Ұлттық қордан 807, 5 млрд теңге көлемінде трансфер бөлінеді
2016 жылы Ұлттық қордан 807, 5 млрд теңге көлемінде трансфер бөлінеді

«Заң жобасы негізгі екі мәселені қарастырады: бюджеттің тұрақтандырылуын қамтамасыз ету, Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енген өзгертулер кезінде бұзылу, Елбасының 10 ақпанда Үкімет отырысында айтылған тапсырмасына сәйкес экономиканың негізгі мақсаттарын жүзеге асыру барысындағы дағдарысқа қарсы шаралар», - деді Б.Сұлтанов.
Министр атап өткендей, республикалық бюджеттің 2016 жылғы түсімі 7364,1 млрд теңге көлемінде бекітілді.
«Бюджеттің негізгі параметрлеріне сәйкес, түсімдері 7 трлн 364 млрд теңгеге немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 424,9 млрд теңгеге ұлғайтылып отыр. Республикалық бюджеттік кірістері болжам бойынша 2016 жылы 3 трлн 365,3 млрд. теңге. Бұл негізінен мұнайға арналған кедендік баж ставкасын 40 доллардан 20 долларға дейін төмендеуінен қалыптасып отыр және жалпы алғанда осы мәселе кірісті 206 млрд теңгеге төмендетеді. «Нұрлы жол» инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыруды жалғастыру үшін Ұлттық Қордан берілетін нысаналы трансферт 240 млрд теңгеге ұлғайып, 807,5 млрд. теңге мөлшерінде айқындалады», - Б.Сұлтанов.
Сондай-ақ, республикалық бюджеттің шығыны 8266,8 млрд теңгені құрады, ол бекітілген бюджетпен 600,2 млрд теңгеге айырмашылығы бар.
«Ұлттық қордан бөлінген толық трансфер 240 млрд теңгені құраса, қосымша көзі 360 млрд теңгені құрады», - деді ол.
Анар Тәңірқұлова
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі
-
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
-
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы

